Фейсбук әлеуметтік желісінің негізін қалаушы және иесі Марк Цукерберг өз қалауы бойынша Ресей Федерациясына қарсы санкциялар салатынын мәлімдеген. Бұл туралы "Қамшы" порталы Associated Press- ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Менің шешем Украинаның Умани кентінің тумасы екенін ешкім біле бермейді. Менің кей нағашыларым әлі Украинада тұрады. Мен өзім әсіре дінге бет бұрмағаныммен, ара-тұра Уманиге барып, діни меркелерге қатысып тұрамын. Сондықтан мен Украинаны екінші отаным деп есептеймін және Ресей Федерациясының Қырым мен Донбасста жасап отырған зұлымдықтарына мен бей-жай қарап отыра алмаймын. Сондай-ақ, мен Ресейге келгенімде, (ол кезде Президенті Медведев еді) РФ Президенті менің аяғымды таптап кеткен, тіпті, кешірім де сұрамады. Мен мұндай әрекетке мәдениеті төмен, жабайы тәрбие көрген адам ғана барады деп есептеймін",-дейді миллиардер Цукерберг.
Сондай-ақ, Цукерберг, Фейсбук әлеуметтік желісін РФ территориясында жабылатынын айтқан. Оның айтуынша, Ресейліктер ендігі жерде фейсбуктен тек оқи алады. Ал жазбалар мен пікірлер қалдыра алмайды. Ол бұл әрекеті арқылы мәскеулік троллдердің шовинистік жазбаларына тоқтау қоятынын айтқан. Сонымен қатар, Цукерберг мырза, басқа де әлеуметтік желі басшыларын санкция салуға шақырған. Соның ішінде, бірінші болып Твиттер басшысына үндеу жіберген. Цукербергтің айтуынша, 2015 жылдың сәуір айынан бастап фейсбук желісі Ресейліктер үшін жабылатынын ескерткен.
Естеріңізде болса, Reuters агенттігі таратқан ақпаратта Microsoft пен Apple Ресейлік контентке шектеу қою, ресейліктер үшін латыншаны қолдануға тыйым салу жөнінде өзара келіссіөздер жүргізетіні айтылған болатын.
Нұрзат Тоғжан

